Алматыда робототехника олимпиадасы басталды

Алматыда робототехника олимпиадасы басталды

Алматыда робототехникадан World Robot Olympiad халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі басталды. Оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам оқушы қатысып жатыр. Жас өнертапқыштар екі күн бойы роботехниканың 5 түрінен сынға түседі.

Биылғы сайыстың тақырыбы өте өзекті. Қоршаған ортаны қорғап, табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталған. Елдің әр өңірінен жиналған 136 команда табиғатпен үйлесімді өмір сүруге көмектесетін және табиғи апаттардан қорғайтын түрлі робот модельдерін ұсынды.