Қ. Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

Қ. Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады

Қазақстандықтардың табысын арттыру бағдарламасы бойынша Президентке есеп берілді. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланғанын жеткізді. Оның 444 мыңы биыл ашылмақ. Ал 1 шілдедегі мәлімет бойынша 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56 пайызына сәйкес келеді.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Үкіметтің әлеуметтік міндеттемелерді орындау барысынан ақпарат беріп, табысы жоқ азаматтардың экономикаға жұмылдырылуына қатысты кешенді шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы халықтың табысын арттырудың маңыздылығын және мұның ұлттық жобаларда көзделген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты екенін атап өтті. Үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.