АЭС салынса МАЭК-те дамиды
Атом саласын зерттеу Қазақстанда бұған дейін басталған.
Маңғыстау өңірін әлем МАЭК арқылы біледі. Кеңес заманында талай ғылыми-тәжірбие
өткен орталықта көне реактор әлі сақтаулы. Одан бөлек бірнеше энергия өндірісі
орналасқан. Ондағы мамандар болашақта АЭС салынса жұмыс істеуге дайынбыз дейді.
Маңғыстау атом энергия комбинатында 3,5 мыңнан астам адам
жұмыс істейді. Оның құрамына 3 электр стансасы, дистиллят және өнеркәсіптік
жылумен жабдықтау зауыты, жөндеу зауыты, цехтар және реактор кіреді. БН-350
ядролық қондырғысының орнатылғанына биыл 30 жыл. Осы уақыт ішінде бірде-бір
техногендік апат болған жоқ. Сондықтан, МАЭК қызметкерлері «атомнан ат тонын
ала қашудың керегі жоқ» дейді.

