Еурокомиссия Қазақстанның авиация саласындағы жетістіктерін атап өтті
Ұшу кезіндегі қауіпсіздік бәрінен де маңызды. Еуропалық Комиссия мүшелері еліміздің авиация секторындағы жетістіктерін атап өтті. Ең алдымен, шетелдік сарапшылар республикада ұшу қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктерді анықтау бағытында маңызды жұмыс атқарылғанын айтты.
Сонымен бірге, мамандар техникалық қызметкерлер құрамын іріктеу мен даярлаудың және сапаны басқару жүйесін енгізу бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың өзектілігін де жоғары бағалады.
Сондай-ақ, Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі комитетінің сарапшылары еліміздің техникалық дамуға қатысты стратегиялық көзқарасын атап өтті. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитстің айтуынша, бүгінде отандық авиация ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО аудитінен өту сынды маңызды шараға дайындық үстінде. Ол 2022 жылға жоспарланған.
ПИТЕР ГРИФФИТС, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Осы талаптарға сәйкес болу қазақстандық әуе тасымалдаушыларға халықаралық рейстерді орындауға мүмкіндік береді. ИКАО талаптарына жауап беру көрсеткіші неғұрлым көп болса, халықаралық ұшуларды орындау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бүгінде біздің алдымызда Американың авиация жөніндегі федералдық агенттігінің талаптарына сертификаттаудан өтіп, халықаралық ұшуларды жасау үшін CAT-1 ( КАТ-1) санатын алу міндеті қойылып отыр.
Қазақстан ИКАО ұсынған стандарттар мен практикасына сәйкестік көрсеткішін 80 процентке жеткізуі тиіс. Айта кетейік, қазір бұл көрсеткіш 74 проценті құрайды. Питер Гриффитстің айтуынша, аудитке кешенді дайындық басталған және қызметкерлерді жалдау, оларды оқыту, сондай-ақ, IT инфрақұрылымын құру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, «Кейбір заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірлену жүргізілуде.
Авторы: Ақзер Сегізбай