Түркістанда банан ағашы жеміс салды

Түркістанда банан ағашы жеміс салды

Түркістанда банан ағашы гүлдеп, жеміс салып тұр. 1- 2 айда пісіп жетіледі. 10 жарым гектарға созылған жабық оранжерияда 70 түрлі өсімдік жайқалып тұр. Оның ішінде Жерорта теңізі, Латын Америкасы, Еуропа және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің әкелінген экзотикалық ағаштар бар. Бір жарым жылда олар Түркістан топырағына жерсініп, өнім бере бастады.

 

Бұл  «Бэйби»  деп аталатын сорт. Алдымен гүл бүршік жарады, содан кейін біртіндеп жеміс түзе бастайды. Бұл өздігінен жеміс беретін өсімдік, тозаңдану үшін жәндіктер қажет емес. Гүл шоғы төмендеп, жерге салбыраған кезде банан біртіндеп шығып, пісіп жетіледі. Банан әбден піскен кезде, аналық бұтасы кесіледі, кейін орнына жаңасы шығады.

 

Түркістан облыс орталығы болғалы қалаға 1 жарым млн түп ағаш егілген. Қазір шаһарда  36 саябақ және 80-ге жуық  гүлзар мен аллея, 345 гектар көгал бар. Күш салса, құмды өлкені де құлпыртып, қызыл-жасыл гүлзарға айналдыруға болатын «Эко Аудит»  түсірілім тобы көріп қайтты.