Азаматтар көлікті кредитке емес, лизингке алады
Несие тарихы бұзылып, қара тізімге кірген азаматтар да
салоннан су жаңа көлік ала алады. Үкімет жеке тұлғаларға лизинг беру тетігін
қарастырып жатыр. Жыл басындағы деректерге сенсек 560 мыңнан аса
қазақстандықтың мойнында автонесие бар екен. Егер лизинг әдісі іске қосылса, халық пайызы көп несиеден бас тартары анық. Дегенмен, жаңа функцияның қалай және
қашан басталатыны әзірге белгісіз.

