Дипфейктер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Дипфейктер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Елімізде дипфейктер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Яғни, жасанды интеллект технологиясының көлеңкелі тұсына толық тыйым салынады. Қазір танымал тұлғаның немесе құқық қорғаушы бейнесінде хабарласып, ақша ұрлайтындар көбейген. Тіпті, туған-туыстарыңыздың кейпімен бейнебайланыс жасай алатын алаяқтар да бар. Сондықтан, әлемде мұндай әрекетке екі түрлі шектеу қойылған. Біріншісі - дипфейктерді пайдаланғаны үшін қатаң қылмыстық жазаға тарту. Немесе контент жасаушыға арнайы таңба қою міндеті жүктеледі.