Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Бұл Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі. Сауалнамаға сай азаматтардың 70%-дан астамы жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға қатысуға ниетті. Ал респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін мәлімдеген. Сауалнамаға қатысқандардың көбі жаңа Конституция жобасындағы бірқатар норманы қолдайтынын айтқан. Мәселен, табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бекіту, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың жеке деректерін қорғау туралы баптар қолдау тапқан. Аталған ережелерге қатысты оң көзқарас барлық әлеуметтік топтарда көрсетіліп отыр. Бұдан бөлек респонденттер некені ер мен әйел арасындағы ерікті және тең құқықты одақ ретінде айқындауды, вице-президент лауазымын енгізуді, Халық Кеңесі мен Құрылтайды құруды қолдаған. Айта кетейік, сауалнама еліміздің барлық өңірлеріндегі қала мен ауыл тұрғындарын қамтыды. Оған 18 жастан асқан 8000 респондент қатысты.