Әскери парадқа дайындық

Әскери парадқа дайындық

Жеңіс күніне орай Астанада әскери парад өтеді. Қазір жауынгерлер қызу дайындық үстінде. Даярлық жұмыстарының жай-жапсарын білуге Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары далалық лагерьге арнайы барған. Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев депутаттарға шеруге дайындық барысын баяндап, әскери қызметшілер мен курсанттардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын таныстырды.