Қазақстанда ішкі туризм рекорды жаңарды

Қазақстанда ішкі туризм рекорды жаңарды

Былтыр қазақстандықтар ішкі туризм ағыны бойынша рекорд орнатты. 7 млн-ға жуық адам туған табиғат аясында демалуды жөн көрген. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Мәліметке сәйкес, қазақстандықтар қалалар мен курорттық аймақтарға ғана емес, сонымен қатар ұлттық парктерге, қорықтарға және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жиі баратын болған. Отбасылық демалыс үшін Бурабай, Алматы, Шымкент бағыттарына сұраныс жоғары. Мамандардың айтуынша, алдағы маусымда жаңа облыстардың Абай мен Ұлытау аудандары туристік тартымды аймақтарға айналмақ.

Ернұр Кенжебеков, «Kazakh Tourism» ҰК баспасөз хатшысы:

– Жаңадан облыстар пайда болып жатыр. Сол облыстар енді осы жылы негізгі трендке айналмақ. Абай облысында, Ұлытау облысында, жаңадан пайда болған Жетісу облыстарында туристік нысандар тарихи тұрғыда баруға болатын жерлер өте көп. Сол жерлер негізінен осы жылдың туристік трендіне айналмақ. 1-қаңтардан бастап мемлекет тарапынан қолдау шаралары заң күшіне енген болатын. Оның бірі балалар тегін ұшатын бағдарлама.