171 баланың құқығы бұзылған

171 баланың құқығы бұзылған

Елімізде 171 баланың құқығы бұзылған. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мемлекет басшысының қабылдауында осылай деді. Жалпы, кейінгі екі жылда балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылықтың, суицидтің және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар шара қабылданып, бағдарламалар мен заңдар әзірленді. Заңнамаға 120 түзету енгізілді. Биыл 13 өңірдегі және 73 елді мекендегі ахуалға мониторинг жүргізілген. Соның ішінде 272 мекемедегі балаларға жасырын сауалнама жасалған. 173 отбасыда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің жағдайы назарға алынды. Қазір аймақтарда 112 отбасылық қолдау орталығы тиімді жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімдіктері жанынан бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құру жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, жауапты өңірлік органдардың міндеттері мен мәртебесін айқындайтын заң жобасы дайындалып жатыр. Президент бала құқықтарын қорғауға кепілдік беру жүйесін нығайтып, жеткіншектерді жан-жақты қолдау тетігін қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұмылдыру маңызды екеніне назар аударды. Бұдан бөлек, мектептердегі инклюзивті білім беру ісін дамытуды көздейтін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.