«Qazaq Air» «VietJet Kazakhstan» болып өзгереді

«Qazaq Air» «VietJet Kazakhstan» болып өзгереді

Qazaq Air әуе компаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгереді. Сондай-ақ, компанияның әуе паркі 10 жаңа Боинг ұшағымен толығады. Бұл жоспарлар туралы Қазақстан-Вьетнам бизнес-форумында мәлім болды. Тараптар авиациядан бастап логистикаға дейін нақты жобаларды іске асыруға уағдаласты.