«Болашақ» бағдарламасының түлектері әлемдегі үздік ғалымдар тізіміне енді

Жыл сайынғы «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%»  рейтингін Стэнфорд университетінің сарапшылары жасайды. Айта кетейік, көрсеткіш библиометриялық зерттеу негізінде дайындалады. Зерттеу екі дерекқорды қамтиды. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар ұсынылса, екіншісінде - соңғы жылдағы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілген. Осылайша, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ратбай Мырзақұлов астрофизика, гравитация, космология және солитон теориясы бойынша зерттеулері үшін бірден екі тізімге де енді. Сондай-ақ, 2021 жылғы үздік ғалымдар рейтингіне «Болашақ» бағдарламасының екі түлегі Нұрлан Оразалин мен Сәрсенбек Монтаев та енді.