Физиканы әуенмен үндестіріп үйреткен ұстаз
Физика
күрделі пән болғанымен, амалын тапсаң кез-келген оқушыны қызықтыруға болады. Ал, Тараздық мұғалім Рауан Жаңабайдың сабақ
беру әдісі тіпті ерекше. Ол формула мен ережені әуен арқылы оқушыларға
түсіндіруге көшкен. Әлеуметтік желіде мыңдаған қаралым жинаған жаңа әдіс
оқушылардың да ынталарын арттырған. Сабақты ән арқылы түсіндіріп, танымал
болған Тараздық жас маманмен тілшіміз тілдесіп қайтты.

