Ақтауда «Отбасы tour» ұйымдастырылды

Ақтауда «Отбасы tour» ұйымдастырылды

Ақтауда «Отау» және «Наурыз» бағдарламаларының қатысушыларын құрылысы аяқталған тұрғын үйлермен таныстыру мақсатында «Отбасы tour» ұйымдастырылды. Бұл шара бағдарламаға қатысып, банктен ипотекаға мақұлдау алып, алайда әлі де баспана таңдап үлгермеген тұрғындарға арналған. Сондай-ақ, тур аясында  «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлі бірнеше отбасыға пәтер кілті табысталды.

Жаңа, жылы, жайлы. «Отбасы tour» аясында тұрғындарға ұсынылған баспаналардың дені осындай. Бағасы да тиімді, сапасы да жоғары. «Отау» және «Наурыз» бағдарламасы қатысушыларының назарына жаңадан салынған «Baq Sarai», «Samal Park», «Асемай», «Аман», «Adal Town» атты тұрғын үйлері ұсынылды.