Freedom Finance Global компаниясы жылжымайтын мүлік нарығына зерттеу жүргізді

Жылжымайтын мүлік нарығы біртіндеп зерттелген. Сараптама жасалды. Кәсіби мамандардың пікірі ескеріліп, пәтер сатып алған және сатып алатындар арасында сауалнама да жүргізілген. Нәтижесінде нарықтың тоқырауына қарамастан, ипотекаға үлкен сұраныс бар екені анықталды. Тек жоғары пайыздық мөлшерлеме қолбайлау болуы мүмкін.

Аңсар Әбуев, Freedom Finance Global компаниясының аналитик маманы:
- Сұралғандардың 70 пайызы 20 пайыздық несиені төлеуге мүмкіндігі жоғын айтты. Бұл бір жағынан адамдардың несие алуға дайын екенін айғақтайды. Адамдар ипотека алғысы келеді тіпті пайыз мөлшерлемесі жоғары болса да алатындар бар. Біз бұны халық тарапынан қаржылық авантюризм ретінде бағалап отырмыз. Яғни, олардың осы әрекетінен ставкалар жоғары болып қала береді.

Мамандар жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі екі принципті анықтаған. Бірінде  қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалады. Жеңілдетілген несие беру тоқтатылады. Нәтижесінде тұрғындар екінші деңгейлі банктерге жүгінуге мәжбүр болмақ.

Аңсар Әбуев, Freedom Finance Global компаниясының аналитик маманы:
- Бұл сценарий тиімді болмақ, өйткені инфляция үрдісі төмендейді. Базалық мөлшерлеме де төмендей бастайды деп ойлаймыз. Бұл ипотекаға да әсер етеді.

Ал екінші жағдайда жеңілдетілген ипотеканы беру жайы топшыланды. Сарапшылар бұл ретте жылжымайтын мүлік бағасының өсуін болжап отыр, себебі сұраныс артады.

Аңсар Әбуев, Freedom Finance Global компаниясының аналитик маманы:
- Біз бұл жерде үлкен ипотекалық ажиотаж қалыптасады деп ойлаймыз. Электронды кезек те қалыптасады. Тек ставканың өзгеретінін ескеру керек. 2018-ы жылы бұл көрсеткіш мүлдем басқа еді. Енді олай болмайды.

Сарапшылар қандай жағдай болмасын келер жылы инвестициялық тартымдылық қалыпты болып қалады, дейді  Бірақ 2025 жылға қарай көрсеткіш өсуі мүмкін.