Шымкент - креативті жастардың ордасы

Шымкент - креативті жастардың ордасы

Шымкент - халқының тең жартысы жастардан құралған ірі қала. Міне, сондықтан мегаполисте жастарға деген назар ерекше. Халықаралық жастар күніне орай шаһарда бірқатар OPEN AIR форматында шаралар өтті. Мұнда да ауқымды концерт ұйымдастырылып, қаланың дамуына үлесін қосып жүрген ең белсенді жастар марапаттарға ие болды.

Нақ, сенімді және қорықпай – Шымкент жастары өз мақсаттарына қарай қадам басуда. Мереке күні олар үшін нағыз думан ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды. Солардың бірі – Қарсанбек Рахатбек. Ол өмірлік қиындыққа тап болған жастарға арнап тәлімгерлер жобасын әзірлеген. Бұл бастаманы әкімдік қолдап, жоба авторына дамыту үшін 1 миллион теңге грант берді.