Қазақстандық альпинист Эльбрус шыңын бағындырды

Қазақстанның көк байрағы  5 мың  642 метрде желбіреді. Тараз тұрғыны Анвар Ханбабаев Ресей, Кавказ бен Еуропаның ең биік нүктесі саналатын Эльбрус шыңын бағындырды.

Бұл байламға бірнеше жыл бұрын келген ол жүйелі түрде жаттыққан. Кейін 10 адамнан тұратын ресейлік альпинистер тобына қосылып, жоспарын жүзеге асырды. Бұл жеңісін Анвар Ханбабаев «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған тартуым» дейді. Келешекте альпинист Эверест пен Килиманджаро шыңдарын бағындырмақ.