«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттар саны көбейеді
«Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттар саны көбейеді. Бұл туралы Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Басымдық техникалық мамандықтарға берілмек. Сонымен қатар қазақстандықтардың біліктілігін арттыратын жоғары оқу орындарының тізімін кеңейту жоспарланып отыр. 2022 жылға арналған тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттары да бекітілді. Оның ішінде инженерлік-техникалық және медицина, мәдениет, туризм, спорт, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар және мұғалімдер бар.