Үкіметте Теңіз және Қашаған кен орындарын одан әрі дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Теңіз және Қашаған кен орындарын одан әрі дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте Теңіз және Қашаған кен орындарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Министрлер кабинетінің басшысы «ЭксонМобил» компаниясының аға вице-президентімен кездесу өткізді. Әлихан Смайылов пен Джон Уилан кен орнында сағалық қысымды кеңейту және басқару жобаларын іске асыруды, одан әрі игеру жоспарларын, сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу сұрақтарына тоқталды. Бұл ретте тараптар газ бөлу кешенін салу мәселесін қарастырды. Айта кетейік, бүгінде америкалық компанияның отандық экономикаға салған инвестициясы  АҚШ валютасында 28 миллиард доллардан асады. Қашаған, Теңіз кен орындарынан өзге, компания Каспий құбыр консорциумы сияқты ірі жобасының серіктесі болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын екіжақты байланыстар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Өз кезегінде Республика Премьер-Министрі Үкімет бірлескен жоспарларды іске асыру шеңберінде компаниямен сындарлы диалогқа әрқашан ашық екенін жеткізді. Үкімет басшысы ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтуды арттыру экономиканың базалық салаларын дамытудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.