Қазақстанда цифрлық майнерлер үшін төлемнің жаңа түрлері енгізілді

Ведомствоның мәлімдеуінші, енді криптовалюта өндіру үшін тиісті лицензияға ие болу керек. Ол үш жылға беріледі. Сондай-ақ, лицензия екі түрге бөлінеді. Бірі 7 млн теңге тұрса, екіншісі 17 мың теңгеден астам сома. Ал лицензиялау нормасын бұзғандарға айыппұл қарастырылған. Бұл құқық субъектісіне байланысты.

Еске салайық, қазіргі уақытта цифрлық майнерлер электр энергиясы үшін қосымша салық төлейді. Қазақстанда майнерлерді реттеу және цифрлық пулды құру үшін биыл «Цифрлық активтер туралы» заң қабылданып, енгізілді.