Коучтарды лицензиялау мен кәсіби тіркеу тетігі енгізіледі

Коучтарды лицензиялау мен кәсіби тіркеу тетігі енгізіледі

Жалған коуч, дипломы жоқ психологтарға тықыр таянды. Елде арнайы заң қабылданып, оларды лицензиялау мен кәсіби тіркеу тетігі енгізілмек. Сенат депутаты Амангелді Есбай Психологтар мен коучтердің бірыңғай ұлттық реестрін құру керек дейді. Өйткені қысқа ғана курстарды оқып алып, елге «ақыл сататындар» азаймай тұр. Псевдопсихологтар мен кәсіби біліктілігі жоқ коучтердің сөзіне сеніп, ақшасынан, отбасынан айрылып қалғандар көп, - дейді депутат.