«Каспий» футбол клубы бірінші лигада жеңіске жетті
«Каспий» футбол клубы премьер-лигаға шықты. Спорт маусымының сәтті
аяқталуына орай Ақтауда футбол клубының ойыншыларын салтанатты түрде марапаттау
рәсімі өтті. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өз сөзінде клубтың жетістігі спорт
қауымдастығы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңызды оқиға екенін айтты.

