Ауылдық көшбасшы әйелдер бас қосты
Павлодар облысында ең белсенді, ең батыл, ең қамқор
әйелдердің басын қосқан аймақтық форум өтті.
Кемеңгер ауылына фермерлер, кәсіпкер әйелдер, еріктілер,
аналар мен жаңашыл азаматтар келді. Әрқайсысының ауыл болашағына байланысты өз
көзқарасы бар. Ал, бұл - Айжан Қаркенова. Ол қаладағы өмірін тастап, Железин
ауданына қарасты Кузьмино ауылына көшкен. Қазір оның бес баласы, өз шаруашылығы
және өзі басқаратын тракторы бар.

