Junior Eurovision-2021 жеңімпазы анықталды

Junior Eurovision ән байқауында қазақстандық команда үздік ондыққа енді. Әлинұр мен Бекнұр дуэті 121 ұпай жинап, қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде 8-орыннан көрінді.

Әлинұр Хамзин, байқауға қатысушы:

- Олар сияқты жоғары деңгейде екенімді мен білемін және сеземін. Бірақ осы жылы конкурс ойдағыдай әділ шықты. Мен өте қуаныштымын.

Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:

- Ең бастысы біз Junior Eurovision-нің даму тарихына жаңаша серпін бердік деп ойлаймын. Біз үздіктер қатарында болдық, бірақ бәсекелестер де қалыспауға тырысты. Одан бөлек біз туралы барлық бұқаралық ақпарат құралы жарыса жазды. Қазақстан өзінің әлеуметтік миссиясын орындады. Мұның өзі жетістік.

«Junior Eurovision-2021» байқауында 1-орын армениялық Малена есімді өнерпазға бұйырды. 2-орын Польша, ал үшінші Францияның қанжығасында.