Шетелдегі қазақ жастары үшін қазақ тілінің арнайы оқулығы жасалады

Шетелдегі қандастарымызды қазақ тіліне оқытатын арнайы әмбебап кітап құрылады. Онлайн түрдегі оқулық жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл жөнінде арнайы баспасөз мәслихаты барысында «Otandastar Qory» вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеді.

Оның айтуынша жаңа әмбебап әдіснама латын қарпімен, яғни төте жазып үйренген қазақ қауымын оқытуға арналған. Бұл орайда айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта әлемнің 12 елінде мемлекеттік тілді тегін үйрететін 31 онлайн сынып ашылған. Оның барлығы заманауи оқу жабдықтарымен қамтылған. Жыл басынан ғана қашықтан 350-ге тарта сабақ өткізіліп, 900-ден астам тыңдаушы қазақ тілін жетік меңгерді деген құжат алды. Жырақта жүрген қандастарымызды қазақстандық жоғарғы оқу орындарына тарту ісі де жақсы жолға қойылған дейді Мағауия Сарбасов.

Мағауия Сарбасов, «Otandastar Qory» КеАҚ вице-президенті:

- Соңғы 3 жылда дайындық бөлімдеріне 3,5 мың грант бөлінді. Оның 90% игерілді. Мемлекеттік квота аясында соңғы 5 жылда 3 645 қандасымыз ҰБТ-ден шекті бал жинап жоғарғы оқу орындарына түсті. Барлық шетелдік студенттерге, яғни қандастарымызға жатақхана міндетті түрде беріледі. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов