Creative Tabys тарихы: креативті индустрияны дамытуға арналған алғашқы кездесу өтті

Creative Tabys тарихы: креативті индустрияны дамытуға арналған алғашқы кездесу өтті

Жобаның мақсаты – қазақстандықтарды жергілікті дарын иелерімен таныстыру. Игі істі «Kazakh Tourism» компаниясы қолға алып отыр. Ұйымдастырушылар мұндай шара жастарды шабыттандыру және олардың ұтқыр жобаларын нарыққа ендіру қамында  алдағы уақытта тұрақты түрде айына бір рет өткізіліп тұратынын жеткізді. Шығармашылық туризм басқармасының басшысы Ирина Харитонованың айтуынша, қазақстандық жастардың өнеріне басқа қырынан тың көзқараспен қарау жаһандық деңгейде танытудың бірден бір жолы дейді.  Ал саланың жарқын әрі белсенді өкілдері жастарға үлгі болуы керек.

Ирина Харитонова, Kazakh Tourism шығармашылық туризм департаментінің директоры:

- Бұл жастар қазір Қазақстанның шығармашылық салаларының ресми амбассадоры. Бұл нені білдіреді? Біз оларды қолдап, ішкі және халықаралық нарықта ілгерілету үшін бар күшімізді саламыз, олар өз шығармашылығы арқылы елімізді, Қазақстанды танымал етіп, Қазақстанның креативті индустриясының бірегей, шексіз екенін халықаралық аренада жариялайды. Креативті индустрия арқылы ұлттық кодымыз, ұлттық бірегейлігімізді сақтауды білдіреді.

Әділхан Дүйсембаев – креативті индустрия амбассадорларының бірі. 10 жылдан астам бейнетүсірілім, фотосурет және монтаж жұмыстарымен айналысады. Ол өзінің талантының, еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында бүгінде әлемдік брендтермен және танымал тұлғалармен еңбек етуде.

Әділхан Дүйсембаев, Қазақстандағы креативті индустрия амбассадоры

- Менің ойымша, өз ойыңды, ұсыныстарың мен дарыныңды көрсетуге барлық мүмкіндік жасалған. Еш шектеу жоқ. Жастар әрдайым маған хабаралсып, кеңес сұрап, ұсыныстарын білдіріп жатады. Мен оларға бізге барлық әлем ұсынылып отыр, адамдарға, әртістерге, режиссерлерге шектеліп, қалмай, креативті ойларын жүзере асыру керек деп айтып отырамын. Осдан екі-үш жыл бұрын режиссерлерге хабарластым, олар маған жауап бермеді. Рианамен болған шудан кейін, 3 жыл өткен соң хабарласып отыр, жауап берді. Қазір олар маған жазылып, бірлескен жобаны ұсынуда.