Байқоныста білім ордасы ашылды

Байқоныста білім ордасы ашылды

Батыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 6 білім ордасы салынуы. Соның бірі бүгін Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында ашылды. 600 орындық мектепке 589 оқушы қадам басты. Ата-аналарды, еңбек ұжымы мен шәкірттерді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, білім беру бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасатынын жеткізді.