Қайырымдылыққа жиналған 1,5 млрд теңге ұрланды

Қайырымдылыққа жиналған 1,5 млрд теңге ұрланды

«Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу басталды. Ол көктемгі тасқыннан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұрланған қаржы коттедж, қымбат көлік пен әшекейлерге жұмсалған. Атап айтқанда, Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» секілді премиум санаттағы тұрғын үй кешендерінен 600 миллионға баспана алған. Оған қоса 88 миллионға Мэрсэдес Бенз, 80 миллионға Лексус мінген. Күдікті Қылмыстық схеманы іске асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Осылайша, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жинаған қаржысына Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде де демалып үлгерген.