Uralsk Green Forum – 2024 форумы өтті
Батыс Қазақстан облысында 2025 жылы күн электр станциясы салынады. Сондай-ақ, орман қорын дамыту қолға алынып жатыр. Бұл мәселелер бүгін «Uralsk Green Forum – 2024» халықаралық форумында айтылды. Биыл жетінші мәрте өткен шараны Облыс әкімдігі мен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы бірлесе ұйымдастарған. Оған экологтар, депутаттар мен табиғат пайдаланушы компаниялар, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен сарапшылар қатысты.
Өңірдің экологиялық проблемаларын шешу үшін 17 бағытты
қамтитын жол картасы дайындалған. Оның аясында Жылу электр орталығы айналымды
сумен қамтамасыз етілді. Осы орайда Жайық өзенінің суын оңтүстік аудандарға
бағыттайтын арна салынды. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мақсатында
2025 жылы күн электр станциясы салынады. Облыс әкімі орман қорын дамыту
шараларына да тоқталды.

