Ақтаудың айналасына сексеуіл алқабы егілді

Ақтаудың айналасына сексеуіл алқабы егілді

Ақтаудың айналасына сексеуіл егіліп жатыр. Бұл қала іргесінде бұрын уран көмілген радиациялық аумақты сақтауға арналған арнайы экологиялық акция. Өйткені, аталған жерге улы қалдықтар көмілген. Ал, ел аузында «Қошқар ата» деп аталып кеткен көл қазір әлемдегі ең ірі радиоактивті қалдықтар қоймасы саналады. Өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болған аумақта 105 млн тонна улы қалдық бар көрінеді.