Дохадағы жарылыс: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Дохадағы жарылыс: зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Қатар астанасы Дохада болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бүгін Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев осылай деді. Оның айтуынша, қазір Қатарда 1,5 мыңнан астам отандасымыз жүр. Олардан ешқандай шағым түспеген. Кеше Израиль Қатар астанасы Дохаға 11 зымыран тастаған. Израиль қорғаныс күштері мұны 2023 жылы қазанның жасалған шабуылға қарымта соққы деп атады. Рейтерс агенттігі жарылыстан 6 адам қаза тапты деп жазды. Тағы біраз адам жарақат алған. Бұл жағдайды Қазақстан Президенті құптамайтынын Ақорда хабарлады. Оған қарағанда Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді», - деп мәлімдеген.