Қазақстандық стартаптар әлемді бағындыруда

Орталық Азия елдерінің кәсіпкерлері де еліміздің IT мамандары құрған веп платформа мен мобилді қосымшаны кәдеге жаратуға ниетті. Осы және өзгеде отандық үздік деген технологиялық жобалар жайында толығырақ тілші материалында

Бүгінде жолда жүру ережелерінің сақталуын бақылап, деректерді тіркейтін құрылғылар жетіп асады. Алайда бейне жазбамен қатар, адамның мастық деңгейін және жалпы көлік тізгіндеуге жарамды қалпын бақылайтын жүйелер жоқтың қасы. Мұндай бірегей жобаны қазақстандық оқушылар ойлап тапқан. Оны әзірлеушілердің көздегені жол апаттарының алдын алу. Айтуларынша, өнертабыстың ТМД аумағында баламасы жоқ. Ендігі мақсат –жобаны өндіріс жолына қою.

Асылхан Қали, Көкшетау қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы

-  Менің атам көлік жүргізу үстінде жиі қалғып кетеді. Мен осы мәселе қатты мазалайтын. Сондықтан команда жинап, шағын видеорегистратордың үлгісін жасадық. Ол сигналдың көмегімен адамды ұйқыдан оятады. Адам егер жиі көзін қысып, басын төмен түсіріп, есінейтін болса немесе көзін ұзақ жұмса арнайы алгоритм оны анықтап,  адамды қалыпты жағдайға келтіретін сигнал береді. Сондай-ақ, біздің видеорегистратор ішімдік ішкен адамнан шыққан иісті танып,  жолда жүру ережелерінің бұзылмауын қадағалайды.

Қазақстандық жастар ұсынып жүрген технологиялық стартаптардың   басым бөлігі – ел игілігіне қызмет етуді көздейді. Олардың ең үздіктері    бір алаңда тоғысты. Мақсат әлеуметтік маңызы бар, қоғам үшін пайдалы жобаларға қолдау жасау. Дені енді ғана қарқын алған жобалар болғанымен біршамасы  жергілікті нарықты бағындырып үлгерді. Енді олар әлем нарқына көз тігіп отыр.

Ердаулет Абсаттар, IT компанияның басшысы:

- Әртүрлі корпоротивті университеттерге оқу процесін басқаруға арналған платформа. Қазақстанда қазір оншақты ұйымда өз қолданысын тауып жатыр. Біздің келесі мақсатымыз шетел нарығына шығу. Біздің бірінші бастамамыз Дубайдан көрініс табады деген ойдамыз. Қазір біршама келісім-шарттар дайындалып жатыр. 01:56:19

Саяжан Оңласын, жоба әзірлеуші:

- Бұл веб тұғырнама мен мобильдік қосымша кәсіпкерлерге өнімдерін бір басқыштың көмегімен ғана жүктеп  бизнесін онлайн жүйеге жылдам көшіруге, яғни толыққанды интернет дүкен ашуға мүмкіндік береді. Жоба Орталық Азияның нарқына бағдарланған. Яғни, біз тек Қазақстанмен ғана шектелмейміз. Кемінде Өзбекстан мен Қырғыз нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, үздік технологиялық шешімдерді қолдауға арналған «NURIS Startaps» бағдарламасы іске қосылғалы 180-нен астам қазақстандық жоба іске асырылды. Олар шамамен 2 млн. доллар инвестиция тартқан.