Ауыл халқы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып жатыр

Павлодар облысы, Шалдай ауылының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты. Он отбасы ауыл маңында жүзден астам қарағай көшеттерін отырғызды. Жергілікті тұрғындар ағаштарды күтіп, баптауды да өз қолдарына алмақ.