Бердібек Сапарбаев атындағы атриум зал ашылды

Сыр өңірі Бердібек Сапарбаевты еске алды. Қызылорда да «Берен тұлға-Бердібек» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. «Болашақ» университетінің атриум залына сұңғыла саясаткердің есімі берілді. Мемлекеттің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына бар ғұмырын арнаған қайраткер жайлы жылы естеліктер айтылды.