Тараздағы «Тарихи өлкетану» мұражайында сақ жауынгерлерінің дулығасы сақтаулы тұр
Сақ жауынгерінің темір дулығасы. Тараздағы «Тарихи-өлкетану» мұражайының ең құнды жәдігері. Өйткені, түпнұсқа, теңдессіз дүние. ТМД көлемінде табылған осындай үш дулығаның бірі. Оны 1950 жылы Қордайда ойнап жүрген жас бала тауып алған. Артынша орыс ғалымы Кабылов археологиялық зерттеу жасап, экспонаттың сақ дәуіріне тән бірегей туынды екендігін дәлелдеген. Жалпы скифтер темір дәуірінде мекен еткен мемлекет. Дулыға да темірден жасалған, мығым, салмағы 3 келіден асады. Осыған ұқсас дулыға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Қырғызстан аумағынан табылған. Демек, көшпелі сақ тайпаларының мекен еткен жерлері осы. Жалпы, шаһардың орталығында орналасқан «Тарихи-өлкетану» мұражайында 72 мыңнан астам құнды жәдігерлердің түпнұсқасы сақтаулы.

