Қазақша үйрететін ойын шықты
Елімізде бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін алғашқы
онлайн ойын құрастырылды. Қолынан смартфон түспейтін қазіргі буынға қазақша тіл
ұстартуға таптырмас құрал. Форматы - интерактивті, мазмұны - ұлттық құндылыққа
негізделген бұл ойын баланың сөздік
қорын молайтып қана қоймайды, қазақша таным-түсінігін кеңейтеді дейді мамандар.

