Inditex Group тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын ашуы мүмкін
Елімізде Zara, Bershka секілді брендтердің киімі тігілуі мүмкін. Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев компания тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын аша алатынына сенімді екенін жеткізді. Бүгінде Inditex Алматы мен Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб құрып жатыр. Компания басшылығы Қазақстанда кәсіпкерлер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Айта кетейік, қазір Қазақстанда 60-қа жуық испандық компания табысты жұмыс істеп келеді.

