«Балқаш» АЭС маңында жаңа қала бой көтереді

«Балқаш» АЭС маңында жаңа қала бой көтереді

Балқаш атом электр станциясының маңында жаңа қала бой көтеруі мүмкін. Мұндай пікірді Ұлттық ядролық орталық бас директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев білдірді. Оның айтуынша, құрылыс кезеңінің өзінде мұнда 12 мыңға жуық адам жұмысқа тартылады. Ал станция толық іске қосылғаннан кейін шамамен 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Демек, жаңа жолдар, тұрғын үйлер мен қажетті инфрақұрылым салынып, өңірдің келбеті түбегейлі жаңармақ. Балқаш АЭС-і әрқайсысының қуаты 1200 мегаватт болатын екі энергоблоктан тұрады. Жалпы қуаты шамамен 2400 мегаваттқа жетпек. Осылайша, бұл станция оңтүстік өңірдің қазіргі және алдағы сұранысын толық өтеуге қауқарлы. Сондай-ақ, өндірістің жандануына сеп болмақ.