Қазақстан алғаш рет әлемдегі «орта державалар» қатарына кірді

Қазақстан алғаш рет әлемдегі «орта державалар» қатарына кірді

Қазақстан алғаш рет әлемдегі «Орта державалардың» қатарына кірді. Ол туралы Германияның беделді ғылыми-сараптамалық «Ғылым мен саясат қоры» орталығы мақала жариялады.      

Анықтамаға сәйкес, әлемдік саяси және экономикалық аренада өзіндік маңызды орны бар мемлекеттер «Орта держава» саналады.  SWP орталығы мамандарының пікірінше, Қазақстан Орта Азия мемлекеттерінің арасында сыртқы саясатымен ерекшеленеді. Сондықтан, өзінің аймақтағы жетекші ел екенін дәлелдеді.

 

Атап айтсақ, Қазақстан Батыс елдерімен және Қытаймен экономикалық әріптестікті белсенді түрде дамытып келеді. Негізінен шикізат секторына басымдық берілген.

 

Оның үстіне, еліміздің ерте бастан халықаралық саясатта өз бастамаларын дұрыс көтере білгені де назардан тыс қалмаған.

 

Мақалада мысал ретінде еліміздің Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымында, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық еткенімен қатар, Сирия жанжалына қатысты делдал болғаны да ерекше атап өтілген. Сонымен қатар, шетелдік сарапшылар Қазақстанның өзге де бірқатар Кәрі Құрлықтағы ұйымдарға мүше екенін де дәлел ретінде келтіруде.

Германияның ғылыми-сараптамалық орталығы еліміздің тұрақты даму мен энергетика салаларындағы жұмысы мен жеткен жетістігіне жоғары баға беріп отыр. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан өзінің Батыс пен Шығыс арасындағы «Алтын көпір» екенін көрсетті.