Мұнай-газ жобалары талқыланды

Мұнай-газ жобалары талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Питер Костелломен кездесті. Тараптар мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Shell Қазақстанда мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі бастамаларға, соның ішінде Каспий құбыры консорциумы, Солтүстік Каспий, Қарашығанақтағы жобаларға қатысып жатыр. Павлодар мұнай-химия зауытының қондырғысын жаңғырту, жер қойнауын геологиялық барлау және ғылыми зерттеу сияқты жұмыстарға да атсалысады. Кездесуде Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд текше метрге жететін газ өңдеу зауытының құрылысы да пысықталды. Сонымен қатар, Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды.