Қазақстанда отандық ұшқышсыз ұшу аппараттары тестілеуден өтті

Қазақстанда отандық ұшқышсыз ұшу аппараттары тестілеуден өтті

Қазақстанда отандық ұшқышсыз ұшатын аппараттар тестілеуден өтті. Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімінің аумағында алғаш рет жаңа аппарат тексерілді. Бұл дрондар қарулы күштер үшін арнайы отандық компаниялар тарапынан арнайы жасалған. Салалық министрлікте атап өткендей, бұл еліміздегі әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуда жасалған сенімді қадамның бірі. Тиісті тапсырманы мемлекет басшысы да берген еді.

 

Ержан Жақашев, ҚР Қарулы Күштері Бас штабының ұшқышсыз ұшу авиациялық жүйелерін дамыту департаментінің офицері

– Әлбетте, қазақстандық өндірушілер – Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері аз уақыт ішінде барлық заманауи талаптарға сай келетін өздігінен ұшу аппараттарын жасағаны мақтаныш сезімін туғызады.

 

Айта кетсек, өндірушілер әскери ведомствоның барлық талаптарын ескерген. Нәтижесінде, бірнеше түрлі аппараттар ұсынылды. Оларды арнайы құрылған комиссия ұшу-техникалық сипаттамаларына сәйкес бағалады.

 

Айбек Ахыш, өндіруші компанияның өкілі:

– Қазіргі уақытта біздің жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратымыз 80 шақырымға ұшып, ұрыс тәсілдерін қолдана алады. Тактикалық тұрғыда бұл жеткілікті. Бүгінде біз 200 шақырымға ұшып, аспанда 10 сағатқа дейін ұша алатын аппараттарды жасап жатырмыз. Біздің дрондардап, жалпы, камералары өте керемет, басқа да функциялары жеткілікті. Мәселен, қарсыластың нақты мекенін анықтай алады, лазерлік қашықтық санаушы құралы да бар. Сонымен қатар, артиллерия шабуылын тұрақтай алады. Инфрақызыл өлшеуіштер, тепловизорлар мен 360 градустық зум туралы да ұмытқан жоқпыз.

 

Таир Балбаев, өндіруші компанияның өкілі :

-  Біз қазір соққы жасайтын және барлайтын ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жасауға әзірленіп жатырмыз. Мақсатымыз – бұндай аппараттардың отандық өндірісін қалыптастыра отыра, дрондардың 80-90% Қазақстанда шығарылуын қамтамасыз ету.