Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді

Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді

Қазақстан Үкіметі Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Онда елорданың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі қадамдар белгіленген. Тиісті қаулыға ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Негізгі қала құрылысы құжаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген. Бас жоспарды іске асыруға тартылатын инвестиция көлемі 6,3 трлн теңгені құрамақ. Жалпы 2035 жылға қарай Астана қаласы тұрғындарының саны 2 млн 3 мың адамға жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты елорданың тұрғын үй қорын 68 млн м2-ге дейін, ал жол желісінің ұзындығын 1000 км-ге ұлғайту жоспарланып отыр, сондай-ақ бес ірі көпір салу қарастырылған.

Динара Алимова, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы

-Су тұтынудың өсуін ескере отырып, Ертіс-Қарағанды каналынан су құбырымен тәулігіне 210 мың текше метрге сорғы-сүзгі стансасын салу көзделген. Тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 3-ЖЭО-ның екінші кезегін, төрт жаңа газ жылу стансасын салу және 2-ЖЭО-ны кеңейту көзделеді.