2 трлн теңгеден астам заңсыз актив қайтарылды

2 трлн теңгеден астам заңсыз актив қайтарылды

2022 жылдан бастап заңсыз сатып алынған активтердің 2 триллион теңгеден астамы мемлекетке қайтарылған. Ал мемлекет басшысы атап өткендей, барлық қаражат қазақстандықтардың игілігіне жұмсалады. Мәселен, Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады. Бұған арнаулы мемлекеттік қордан миллиардтан астам теңге бөлінді. Жалпы бұған дейін Үкімет Атырау облысындағы Жамансор және Ұлытау өңіріндегі Манадыр ауылдарында мектептер, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша, Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешені және Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешені құрылысын аяқтауға арналған жобаларды іске асыру үшін қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған.