Бейбітшілік - баһадүр бабалар сыйы

Бейбітшілік - баһадүр бабалар сыйы

Бүгін Елордада Қазақ елі алаңында ұлы жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Бұл сегіз жылдан кейін ұйымдастырылып отырған шеру. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметкер қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыстың тарихи ақиқатын қасақана бұрмалауға болмайтынын айтты. Қазақстан үшін ең басты мақсат – ұлт мүддесін қорғау деп атап өтті.