Қытай визасыз режимді тағы бір жылға ұзартты

Қытай визасыз режимді тағы бір жылға ұзартты

Қытай 40-тан астам елдің азаматтарына визасыз кіру мүмкіндігін тағы бір жылға ұзартты. Бұл режим мерзімі осы жылдың соңында аяқталуы тиіс еді. Енді шетелдіктер Қытайға келесі жылдың аяғына дейін визасыз бара алады. Атап айтқанда, олар Франция, Германия, Италия, Испания, Нидерланд, Швейцария, Ирландия, Мажарстан сияқты елдердің азаматтары. Визасыз елдердің қатары Швециямен толықты. Оның тұрғындары 10 қарашадан бастап келесі жылдың аяғына дейін Қытайға визасыз кіре алады. Мұндай сапар кезінде Қытайда 30 күнге дейін болуға рұқсат.