Астанада 1,6 млн адам тұрады
Астанадағы адам
саны 1,6 млн-нан асты. Халық саны жыл сайын 7 пайызға артып отыр. Күн сайын сырттан
200 мыңнан астам адам келеді екен. Тіркеусіз тұрақтап қалатындары 100 мыңға
жуықтайды. Бұл – көшедегі көлік кептелісінен бөлек, инфрақұрылым мен
коммуналдық салаға салмақ салады. Сәйкесінше су мен жылу қуаты төмендейді.
Мұндай жағдай осыдан екі жыл бұрын болған, - дейді қала әкімі.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Өздеріңіз
білетіндей екі жыл бұрын қала су мен жылу қуатының жетіспеушілігіне тап болды. №3
сорғы-сүзгі станциясы мен Астана су қоймасынан екінші су құбыры желісін аяқтау
арқылы қосымша тәулігіне 60 мың текше метр ауыз су қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда,
қаланың су тұтыну көлемі тәулігіне 350 мың текше метрді құрайды.
Айтпақшы, алдағы
екі айда ЛРТ жүйесі толық аяқталып, жолаушыларды тасымалдай бастайды. Жүрдек
пойыздар қызкүйек айынын бастап сынақтан өтіп жатыр. ЛРТ іске қосылған соң
Шәмші Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойында, сондай-ақ, Есіл
және Нұра аудандарындағы көлік жүктемесі 30 пайызға дейін азаяды. Ал,
автобустардың қозғалыс аралығы 8 минутқа дейін қысқарады, - дейді Жеңіс
Қасымбек.
Жеңіс Қасымбек,
Астана қаласының әкімі:
- Ай соңына дейін
барлық вагон жеткізіледі деп күтіліп отыр. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары
аяқталу сатысында тұр. Біз бастапқыда сынақ режимі 3 айдан 6 айға дейін
созылатынын айтқанбыз. Алдағы бір-екі айдың ішінде бұл жұмыстар толық аяқталып,
ЛРТ-ны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

