Ресейдің Қиыр Шығысында жойқын жер сілкінісі болды

Ресейдің Қиыр Шығысында жойқын жер сілкінісі болды

Ресейдің Қиыр шығысында жойқын жер сілкінісі болды. 8,7 баллдық зілзаланың ошағы Петропавловск-Камчатский қаласынан шығысқа қарай 100 шақырым жерде, шамамен 19 шақырым тереңдікте орналасқан. Мамандар мұны 73 жылдағы ең ірі жер сілкінісі деп бағалап, оның бір ай көлемінде әлі де қайталанатынын айтады. Табиғи апат салдарынан Петропавловск-Камчатск қаласында жұмыс күні қысқартылды. Қалада көлік кептелістері, электр жарығы мен интернеттің үзілуі байқалды. Жедел жәрдем шақыртушылардың саны артқан, дегенмен өлім-жітім тіркелген жоқ. Жергілікті билік арнайы штаб құрылғанын хабарлады. Қалада жедел желі жұмыс істеп тұр.