Үш су электр станциясы салынады
Қазақстанда тағы 3 шағын гидроэлектр станциясы салынады. Олар үшін
Қарағанды облысындағы Самарқанд, Ақтөбедегі Қарғалы және Абайдағы Қаракөл су
қоймалары таңдалған. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша,
қазір 3 жоба да мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Сондай-ақ, тағы 5 нысан
бойынша жобалау-сметалық құжат әзірлену үстінде. Оның үшеуі жеке инвестордың
қаржысына салынбақ. Бастама су электр станцияларын дамыту жөніндегі «Жол
картасы» аясында жүргізілген. Шағын су электр станциясын орнатуға жарамды 29
нысан іріктелген. Жобалар жүзеге асса, гидротехникалық нысандарда жыл сайын
жалпы көлемі 30 МВт қуат өндіруге қауқарлы болмақ.

