Қазақстанда емделуге цифрлық виза беріледі
Енді 48 мемлекеттің
азаматы біздің елде емделу үшін цифрлы виза ала алады. Бұл туралы бүгін
Үкімет отырысында Премьер министр Олжас Бектенов айтты. Цифрлы визаны Үндістан,
Германия, Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейліктер ала алады. Жыл басынан бері 1,5
мың шетелдік бізге келіп емделген екен.
Айтпақшы, электронды визаны алуға 30 минут қана уақыт кетеді. Ал ол үшін
шетелдіктер біздегі ауруханалардан шақыру алуы маңызды. Осы орайда елде
науқастарға қолайлы жағдай жасап, қызмет сапасын жақсарту үшін Мәжілісте жаңа
заң жобасы да қарастырылып жатыр. Ол жалпы пациенттердің санын тіркеу және
медициналық туризмнің бірқатар мәселелерін шешуге бағытталған.

